Атом электр станциясы Курчатов мен Балқашта салынуы мүмкін
Фото: Pexels
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев брифинг кезінде журналистерге жауап қайтара, АЭС-ті салуға көптеген аймақтар жарамды екенін айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz
Соның ішінде Балқаш пен Курчатов бұл орайда өте тиімді нұсқалар болуы мүмкін.
«Балқашта келешекте АЭС салуға болатын еді. Мұнда 1200 МВт қуаты бар 4 блокқа дейін АЭС ұйымдастыруға болады», – деді министр.
Сонымен қатар, министр АЭС құрылысы кемінде үш жерде жүргізілетінін айтты. Одан бөлек, ядролық кластерлер болады.