Атырау-Астрахань тас жолында жүк көліктері толып қалған
Фото: ҚММКК
Қазақстан-Ресей шекарасы Құрманғазы өткізу пунктінде жүк көліктері жиналып қалған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Атырау-Астрахань тас жолында жөндеу жұмыстарының аяқталғанына байланысты осы жол арқылы өтетін көлік құралдары саны артқан. Өткізу қабілеттілігінің тәулігіне 200 АКҚ құрайтынына қарамастан, 250-300 АКҚ жиналған.
Өткізу пунктінің өткізу қабілеттілігі асып кетсе, бір күн өткен соң кезекті онлайн брондауға шектеу қойылады.
МКД пункттерінде 14 қызметкерге дейін көмек көрсетіп, жолдағы жағдайды реттейді.