Атырау балабақшасында бүлдіршін септикке құлап кетуі бойынша сот үкімі шықты

P фото на taspanews.kz от 25 ноября 2024 19:48
Фото: Pexels

Атырауда 10-шілде күні бала септикке құлап кеткен, – деп хабарлайды Taspanews.kz Мой городқа сілтеме жасап.


Балабақшада барлығы 67 бала болған. Соның бірі қызметкерлер тарапымен жіберілген қателік салдарынан қаза болды. Септиктің ашық қалуы туралы іс бойынша балабақша бастығы мен тәрбиелеушісіне Қылмыстық кодекстің 141 бабы, 2 бөлігіне сай бас бостандығынан айыру тағайындалды.


Сонымен қатар, сотталушылар педагогикамен және кәмелетке толмағандармен байланысты жұмысқа 3 жыл бойы кірісе алмайды.


ҚК 63 бабына сай, жаза шартты түрде анықталды. Жаза өтеу уақытында пробация жүреді.Сот үкімі заңды күшке енбеді.


Следите за новостями Taspanews