Атырау қаласында 54 жастағы әйел өрттен қайтыс болды

Фото: Pexels

Атырау облыстық Алмагүл шағын ауданында ірі өрт орын алды. Нәтижесінде, бір адамның денесі табылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz azh.kz сілтеме жасап.


ТЖМ 6 қабатты үйден 13 адамды құтқарды. Одан бөлек 54 адам сыртқа шығарылды. 6 қабатты үйдің бірінші қабаты өртенген. 


Аумағы 74 шаршы метрді құраған өртте ана мен бала аса ауыр халге ұшырап, нәтижесінде әйел қаза болды. Денесі өрттен зардап шеккен ұлы ауруханаға жеткізілді. 


24 қыркүйектен 25-іне қараған түні сағат 03:03-те басталған өртке 17 ТЖД құтқарушылары мен арнайы 5 бірлік техника тартылды.


Алдын ала ақпарат бойынша, өрт себебі – қасақана ұйымдастыру.