Атырау маңында су тасқынынан қорғау үшін соғылған бөгет қауіп төндіруде

24 kz фото на taspanews.kz от 11 февраля 2025 22:53
Фото: 24 kz

Атырау маңы, Геолог шағын ауданы маңындағы саяжай аймағын мекендейтін тұрғындар алдыңғы жылы соғылған бөгет алаңдаушылыққа себеп болғанын айтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24 kz сілтеме жасап.


Бөгеттің қасында тұратын тұрғындар көктемде қайта су тасқынына тап болудан қорқады. Олар бөгет бойын жағалай топырақ үйіндісі төселгенін, алайда оның ешнәрсемен бекітілмегенін түсіндірді.


Бұрынырақ үйілген топырақ жолдағы автокөлік қозғалысына қиындық туғызған соң, 15-20 метрге кері жылжытылған. Алайда, ол еш берік емес, сондықтан тұрғындар бөгетті стандарттарға сай жасауын өтінеді.


Қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Бексұлтан Сатымов халықпен кездесуінде мәселе наурызға дейін шешілетінін жеткізді. Алдымен нығыздау шаралары жасалады.


Следите за новостями Taspanews