Атырау облысында ауыз судың сапасына бақылау күшейтілді
Фото: Pexels
Атырау облысында ауыз судың сапасына бақылау күшейтілді. Төтенше жағдай басталғалы бері облыс пен қала тұрғындарын сумен қамтамасыз етуді бақылау күшейтілді, - деп хабарлайды Taspanews облыстық төтенше жағдайларды жою штабының ақпаратына сәйкес.
Су тасқыны кезінде сынама алу нүктелерінің саны мен суды сынау жиілігі айтарлықтай өсті.
Атырау қаласындағы су қондырғыларынан алынған сынамаларда ауыз судың гигиеналық нормаларына сәйкес келмейтіндігі анықталған жоқ. Алайда, Жайық өзенінің лайы, ағыс әкелген қоқыстардың бар-жоғын тексеру нәтижесінде ашық су қоймасынан су ішуге тыйым салынды, дейді санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің басшысы Айгүл Сабырқызы.
Атырау облысында төтенше жағдай режимі кезінде 900-ден астам су сынамасы алынса, оның 300-ден астамы Атырауда алынды. Ашық көздерден алынған 32 су сынамасының 16-сы гигиеналық талаптарға сай келмеген.