Атырау облысында қазба-байлықтар табылды

Фото: Depositphotos

Атырау облысы Қызылқоға ауданында, Қарабау ауылынан солтүстікке қарай 10 шақырым жердегі «Қарабау-2» қорғанында жүргізілген зерттеулер барысында біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырға тиесілі 9 қабір анықталған, оның жетеуі тоналмаған, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Қазба жұмыстары кезінде түрлі әшекей бұйымдар, қару-жарақтар, керамика мен сүйектен жасалған ыдыстар табылған. Табылған заттардың арасында ерекше қызығушылық тудырғаны — алтын тұтқасы бар сынама тастар, оларды сарматтар алтынның сапасын тексеру үшін қолданған. Сонымен қатар, адамдардың киіміне тағылған алтын жапсырмалар, салмағы 370 граммды құрайтын тау барысының бейнесі бар білезік те табылған. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен екі жылдық зерттеу жұмыстарының нәтижесі «Сармат алтындары» көрмесінде көпшілікке таныстырылды.


Археологтардың айтуынша, сарматтар тәңірлік дүниетанымға сай, қолданған заттары мен қару-жарақтарын бірге жерлеген.Жалпы,Атырау обылысы  2005 жылдан бері 500-ге жуық сармат обасы анықталған. «Қарақұдық-1» және «Қарақұдық-2» қорымдарынан да күміс пиктограммалар, тұрмыстық заттар мен темір, қоладан жасалған қару-жарақтар табылды.


Қазба жұмыстарына антропологтар, музей қызметкерлері және жергілікті жұмысшылардан құралған команда қатысқан.