Атырау облысында полиция қызметкері жасөспірімді соғып кетті
Атырау облысы, Қызылқоға ауданында полиция бөлімі патрульдік полиция тобының инспекторы жасөспірімді қағып, қаза еткен, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.
Кәмелетке толмаған мотоциклді басқарып келе жатқан жүргізуші және оның 2 жолаушысы полция тарапынан қууға себеп болған. Осы орайда, олар қозғалысын тоқтатпай, қара жерге шығып кеткен. Мотоциклден құлаған жасөспірімді полиция қызметкері өрескел жол жүру ережесін бұзып, қағып кеткен. Нәтижесінде, бала есін жимай, қаза болды.
Сот полицияның бұл әрекетіне абайсыз болған жайт ретінде баға берді. Оның кемелетке толмаған балаларының болуы, бұрын сотты болмағаны жазаны жеңілдетті.
"ҚК-тің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", –
Атырау облыстық соты.
Сот үкімі заңды күшіне енбеді.