Атырау облысында жолды су басты: шектеулер енгізілді

 фото на taspanews.kz от 03 июня 2024 08:58
Фото: Midjourney

Атырау облысында еріген су салдарынан жолдың бір бөлігін тағы да су басты: жүк көліктеріне шектеу қойылды, – деп хабарлайды Taspanews Атырау облысы ТЖД жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап


Х.Ерғалиев – Таңдай бағытында төтенше жағдай орын алды. Штаб қызметкерлерінің айтуынша, жол бойындағы су деңгейінің жоғарылауы бесінші күннен бері тіркеліп отыр.


«Тасудың салдарынан топырақта және асфальтта жоғары ылғалдылық байқалады. Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізілді» Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы

Следите за новостями Taspanews