Атырау-Орал автожолының бір бөлігінде көлік қозғалысы ашылады

Фото: Depositphotos

2025 жылы, 14 қаңтар күні, сағат 19:15-те Атырау облысы, «Атырау - Орал» тас жолының бір бөлігінде көлік қозғалысы қалпына келтіріледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазАвтожолға сілтеме жасап.


«Атырау-Орал» тас жолының 14-67 шақырымында – Алмалы ауылы мен Махамбет ауылы аралығында көлік қозғалысы ашылады. 


Еске салсақ, 13 қаңтарда ауа-райының қолайсыз болуынан бұл тас жолының 14-189 шақырым аралығы (Алмалы ауылынан Индер ауданына дейін) уақытша жабылған еді.