Атырау полицейлері жолда босанған әйелге көмектесті

Фото: polisia.kz

Түнде Атырау-Ақтөбе тас жолының 590-шы шақырымында патрульдік полицейлерге LADA Vista автокөлігінің иесі келіп, жүкті әйелде толғақ басталғанын айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.


Патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторлары Райымбек Әбдиев пен Қанат Ақмырзаев автокөліктің кедергісіз жылдам өтуін қамтамасыз етті.


Әйелді перзентханаға апарды, онда ол ұл тапты. Жас ана мен оның отбасы полиция қызметкерлеріне шұғыл көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.


Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылы Атырау облысы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері төрт жүкті әйелді перзентханаға жеткізген.