Атырауда анасы мен баласы өрт кезінде қаза болды

Freepik фото на taspanews.kz от 12 ноября 2024 10:59
Фото: Freepik

Атырау қаласы, Құрманғазы ауданындағы өрттің нәтижесінде бала мен анасы қаза тапты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақ жайыққа сілтеме жасап.


Ақкөл ауылында бөлмесінен шығып үлгермей қалған әйел мен баласы тірідей өртке оранды. Ал әкесі мен қызының қолдары біліктері күйіп, газға уланды.


Өрт 5 қарашада болғанымен, ол туралы ақпарат көпшілікке тарамады. Атырау облысы ТЖД мәліметінше, өрт 5 қараша күні сағат 04:30-да басталды. 72 шаршы метр үй маңы құрылысы жанғаны белгілі.


Өрт 06:30-да сөндірілді.


Следите за новостями Taspanews