Атырауда анасы мен баласы өрттен құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ
Атырау қаласы, Сарықамыс-2 ықшам ауданы, У. Танашев көшесі бойында орналасқан тұрғын үй өртеніп кете жаздады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Тұрғын үй ауласында көлік жанған. Көлік жанындағы үйге өрттің тарап кету қаупі жоғары болды. Үйдің есігі мен терезелері балқып кеткені анықталды.
ТЖМ құтқарушылары үй ішінен 1996 жылғы әйел мен 2025 жылы туылған нәрестесін шығарды. Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері ана мен балаға алғашқы медициналық көмек көрсетті.