Атырауда дәрігерлер қауіпті патологиясы бар жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды

Ота фото на taspanews.kz от 23 января 2025 11:30
Фото: ҚР ДСМ

Атырау облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері жүкті әйелге алғаш рет заманауи құрылғылардың көмегімен күрделі ота жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


Науқасқа 38 апталық жүктілік кезінде плацентаның жатырдағы тыртыққа енуі (Placenta percreta) диагнозы қойылған. Әдетте мұндай жағдайларда жатырды алып тастау қажет болса, бұл жолы дәрігерлер жаңа технологиялар – аутогемотрансфузия аппараты мен ультрадыбыстық лабраториялық скальпельді қолданып, әйелдің репродуктивті органын сақтап қалды.


" Екінші қуанарлық жағдай, ультрадыбыстық скальпель инструментін қолдану арқылы плацентаның тыртыққа енген бөлігіне коагуляция жасалып, кесіп алынып тасталды. Бұл әдісті қолдану арқылы қан кету көлемін азайтамыз",  – делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.

Ота МӘМС жүйесі арқылы тегін жасалып, қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. 


Следите за новостями Taspanews