Атырауда екі жасар бала лифттен құтқарылды

Фото: : pxhere

30 шілде, сейсенбі күні кешке Атырауда екі жасар бала көпқабатты ғимараттың 8 қабатында тұрып қалған лифт ішінде жалғыз қалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz Telegram арнасының ақпаратына сілтеме жасап.


Оқиға туралы сигналды "102" пультіндегі операторлар қабылдады. Орталық жедел басқарма (ЖБО) офицерлері қалалық экипажға техникалық ақаулық орнына баруға бұйрық берді. Полиция қызметкерлері Ақжол Кибатоллаев пен Жантөре Әліпқалиев лифтке қамалған сәбидің үрейленіп жылағанын естіді.


Олар есікті қысып, екі жасар баланы анасына қайтарды.