Атырауда картоп шектеулі түрде берілетін болды

Фото: Pexels
Атырауда нарықтық бағамен жіберілетін әлеуметтік тауар – картопты тұрғындар 3 килограммнан асырмай сатып алатын болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл шара алып сатушылардың көбеюінен туған бағаның көтерілуін реттеу мақсатында қолданылды. Қазіргі таңда картоп қаладағы 11 супермаркет пен 3 базарда сатылады.
Тұрақтандыру қорында ақпанның соңына дейін жететін 200 тонна картоп бар. Жергілікті фермерлермен өнім әкелу туралы қосымша келісімшарттар жасалуда.