Атырауда медициналық мекеменің қаржыгері жарты миллиард теңге ұрлады

iStock фото на taspanews.kz от 15 октября 2024 12:40
Фото: iStock

Атыраудағы емхананың бас қаржыгері 11 жыл бойы бюджеттен ақша ұрлап келген, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Жоғарғы Сотына сілтеме жасап.


Жалпы сомасы 573 млн теңгеден асатын қаражат жоғалған.


Тергеу қызметінің мәліметіне сай, ол 2012-2023 жылдар аралығында жалған операциялар арқылы заңдастырып, өзінің банк шоттарына ақша аударған.


Тергеу барысында келіншек 3 миллион теңгені қайтару арқылы шығынды ішінара өтеген. Сот бұл әрекетті жеңілдететін мән-жай ретінде қабылдаған. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған балалары бар екендігі белгілі. Істі күрделендіретін мән-жай анықталмады.


Әйел ҚР ҚК 189 бабы 4-бөлігінің 2-тармағына және 218 баптың 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды.


Қылмыскердің заңсыз жолмен тапқан мүлкі тәркіленетін болып, 8 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды. Сонымен қатар, оған 10 жыл мерзімге материалдық және қаржылық салаға байланысты қызмет атқаруға тыйым салынды. Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкіміне келісті. Үкім заңды түрде күшіне енді.


Следите за новостями Taspanews