Атырауда сұйытылған газ азайғанынан жүргізушілер кезекте тұруға мәжбүр
Фото: freepik
Атырау мұнай өндеу зауытын ЖШС-дегі жоспарланған жұмыстарға байланысты қалада сұйытылған газ мөлшері азайған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақ жайық ақпараттық сайтына сілтеме жасап.
ҚР Энергетика министрі жергілікті және жақын аймақтардан сұйытылған газ бөлу туралы тапсырма берді – "АМӨЗ" ЖШС-нен 408 тонна, "Жайықмұнайгаз" ЖШС-нен 2490 тонна және "СНПС-Ақтөбемұнайгаз"АҚ-нан 4122 тонна.
3 қазаннан бастап субъектілер жанармайды қабылдап алды.