Атырауда үй тонаған ұрылар бағалы заттарды ломбардқа өткізген
Фото: Polisia.kz
Атырауда 28 және 28 жасар ер адам бірнеше рет үй ұрлығына қатысты қылмысқа барған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Қылмыскерлер түнгі уақытта үйлерге кіріп, қала мен ауылдардағы үйлерден бағалы заттар мен бұйымдар ұрлап, Ақтөбеге жеткізген соң ломбардқа өткізіп жүрген. Бір кезде 172 мың теңгеге залал келтіріп, алтын бұйым ұрлаған, екіншісінде ұялы телефон мен 100 мың теңге иемденген.
Заң бұзушылар ұсталды. Олардың бірі осыған ұқсас жағдай бойынша сотталғаны анықталды.
Құқық қорғаушылар тергеу жүргізуде.