Атырауда Жайыққа адам ағызды деп күдіктелген азаматтар ұсталды

Фото: Pexels

Атырауда қыздың денесін Жайық өзеніне ағызып жіберген күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақ Жайық сайтына сілтеме жасап.


Атыраулық 23 жасар қыз 18 қазан сағат 22:00-де үйінен шығып, қайта қайтпаған.


Қазіргі таңда 24 және 25 жастағы екі жігіт оны қаза етті деп күдіктілер қатарына ілікті. 


Қыздың денесі табылмаған. Бүгін оның қаза болғандығы жайлы ақпарат келіп түскен.


Күдіктілер уақытша ұстау изоляторында. Адам өлтіру мен ұрлау айыптары тағылып, тергеу жүргізізілуде.