Атырауда ересектерге арналған бассейнде батып кекен қыз ісі бойынша сот отырысы өтті
Фото: Pexels
Атыраулық №2 қалалық сотында 10 жасар қыздың бассейнде батып кетуі бойынша сот отырысы өтті, ‐ деп хабарлайды Taspanews.kz қалалық сотқа сілтеме жасап.
Бұл оқиғада "Мұнайшы" спорт кешенінің құтқарушысы айыпталды. Ол қызды 5,5 метр ересектер бассейніне өткізіп жіберген.
Құтқарушы тарапынан жедел көмекті көрсетуде қауіпсіздік шаралары сақталмады. Кішкентай қыз жүзе алмай, батып кетті. Жағдай абайсызда адам өлiмiне әкеп соқты.
Прокурор мен айыпталушы процессуалдық келісімге келгені және жәбірленушілердің оған қарсы еместігі мәлімделді.
Сотталушы Қылмыстық кодекстің 306-бабы, 3 бөлігі бойынша кінәлі танылып, 4 жылға бас бостандығынан шартты түрде айырылды. ҚК 63-бабымен жаза шартты түрде белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енбеді.