Атыраудағы эвакуациялық пункттер босады
Фото: Төтенше жағдайлар жөніндегі штаб
Атырауда эвакуациялау пункттерінде адам жоқ, деп хабарлайды Taspanews.kz Атырау облысының төтенше жағдайларды жою штабына сілтеме жасап.
Х.Досмұхамедов атындағы АМУ және АПЕК жоғары колледжінің жатақханасында уақытша эвакуациялау пункттерінде болған Талдыкөл ауылының тұрғындары үйлеріне қайтты. Атырау қаласы бойынша халықты эвакуациялау үшін 94 эвакуациялық пунктте барлығы 10250 орын қарастырылған. Өткен жұмада екі эвакуация пунктінде тұрған талдыкөлдік 180 ауыл тұрғыны аман-есен үйлеріне оралды.
Осылайша, қалада эвакуацияланған адамдар жоқ, деп нақтылады жедел штаб.