Атыраудағы мектепті жарып жіберу қаупі төнген

Depositphotos фото на taspanews.kz от 06 февраля 2025 21:58
Фото: Depositphotos

Атырауда 6 ақпан үні сағат 11:30-да №3 мектептің тарих мұғаліміне мектепті жарып жіберу туралы бопсалау мәтіні бар хат келіп түскен, – деп хабарлайды Taspanews.kz Мой город сайтына сілтеме жасап.


Бұл әрекетті тоқтату үшін мектеп басшылығы тарапынан 80 млн теңге талап етілді. Мұғалім бірден полицияға жүгінген соң ғимаратта жарылғыш құралдың жоқтығы анықталды.


Нәтижесінде, терроризм жайлы жалған ақпарат беру туралы қылмыстық іс қозғалды. Білім ордасында сабақтар жалғасты.


Следите за новостями Taspanews