Атыраудан Алматы облысының құтқарушылары келді

Фото: Алматы облысының ТЖД

Алматыда Атырау облысынан тұрақты жұмыс орнына оралған Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларына арналған салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды Taspanews ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Іс-шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарынан жасақтарының өкілдері, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің 52 859 бөлімі мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты.


Құтқарушылар су тасқынының салдарын жою үшін екі айдан астам уақыт жұмыс істеді.


Басқарма бастығының міндетін атқарушы полковник Қасымов Д.Б су тасқынын жоюға атсалысқан құтқарушыларға алғысын білдіріп, Алматы облысы әкімінің сертификаттарын табыс етті.