Атыраудың мал базарынан сібір жарасы табылды

Pexels фото на taspanews.kz от 22 ноября 2024 08:38
Фото: Pexels

Апта бұрын Атырау мал базарында сібір жарасын жұқтырған сиырдың өлігі табылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


Сиыр Батыс Қазақстан облысынан жеткізілген. Сараптамада сібір жарасымен ауырғандығы анықталды. Ауру мал отқа жағылды. Мал базары 2 аптаға карантинге жабылды. Сауда орнындағы мал жағдайы тексерілуде. Сатушылар оларды карантин аумағында қалдырып кетуге мәжбүр. Олардың тарапынан малға кім шөп салып, жем беретіні туралы алаңдаушылық тарады.


Қазіргі таңда мал базарында 56 сиыр, 79 қой, 7 жылқы бар.


Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Нүркен Баяров базарда қалған малға вакцинация жасалып жатқандығын айтты.


Следите за новостями Taspanews