Атыраулық мал сою цехында жұмысшы сібір жарасын жұқтырды
Фото: Pexels
Атыраулық "Асыл-Агро" мал сою цехының жұмысшысында сібір жарасының терілік формасы анықталды,– деп хабарлайды Taspanews.kz Ақ жайыққа сілтеме жасап.
Жұмысшыға медициналық көмек көрсетілуде. Жағдайы тұрақты. Онымен байланысқа түскен адамдарда сібір жарасы белгілері байқалмады.
Еске салсақ, 20 қарашада цех ішінде карантин жарияланды. Сібір жарасына шалдыққан мал өлімі орын алды. Цехтегі 17 адам тексеріліп, оларда сібір жарасының белгілері байқалмады.
Қорадағы малға вакцинация өткізілді.