Ауа райы болжамы: қай қалалар аяздың ықпалында?

Pixabay.com фото на taspanews.kz от 27 марта 2025 08:23
Фото: Pixabay.com

Наурыздың соңы жақындап қалды, алайда көктем жылуымен қуантуға асығар емес. Кейбір өңірлерде аязды түндер өтуде, ал кей жерлерге жылы күндер жақындап қалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz «Қазгидромет» РМҚ сілтеме жасап.


Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы минус 6-8 градусқа дейін төмендесе, күндіз плюс 5-7 градусқа дейін көтеріледі.


Алматы көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Желі әлсіз, секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы нөлден минус 2 градусқа дейін ауытқиды, күндіз ауа плюс 10-12 градусқа дейін жылынады.


Шымкентте күн бұлтты болып, жаңбыр жаууы мүмкін. Жел секундына 8-13 метрге дейін күшейеді. Температура түнде плюс 2 градус, күндіз плюс 6-8 градустан аспайды.


Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің күші секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы 4-6 градусқа жылынады, күндіз 10-12 градус жылы болады.


Ақтөбеде күн ашық, жаңбыр жаумайды. Жел секундына 5-10 метрге дейін күшейеді. Түнде температура минус 1-3 градус, күндіз плюс 9-11 градусқа дейін жылынады


Атырауда күн бұлтты, мезгілімен ашық болады, жауын-шашын болжанбайды. Жел секундына 3-8 метрге дейін соғады. Түнде ауа температурасы нөлден плюс 2 градусқа дейін ауытқыса, күндіз 13-15 градусқа дейін жылынады.


Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болжанбайды. Жел секундына 15 метрге дейін күшейеді. Түнде термометрлер минус 3-5 градусқа дейін төмендейді, күндіз тек плюс 3-5 градус болады.


Қарағандыда ауа райы құрғақ, алайда желі бар. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде минус 4-6 градус болса, күндіз плюс 4-6 градусқа дейін жылынады.


Көкшетау


Көкшетау жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт жүреді. Жел әлсіз, секундына 2-7 метр. Түнде минус 3-5 градус суық болса, күндіз плюс 8-10 градусқа дейін жылынады.


Қонаевта ауа райы бірқалыпты болады – көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болжанбайды. Жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы нөлден минус 2 градусқа дейін ауытқыса, күндіз 10-12 градус жылы болады.


Қостанайда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел секундына 5-10 метрге дейін күшейеді. Түнде температура минус 3-5, күндіз 9-11 градус аяз болады.


Қызылорда жауын-шашынсыз, алайда жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы минус 1 градустан плюс 1 градусқа дейін ауытқиды, күндіз 6-8 градус жылы болады.


Павлодарда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел секундына 5-10 метрге дейін күшейеді. Түнде минус 6-8 градус суық болады, күндіз ауа плюс 6-8 градусқа дейін жылынады.


Петропавлда да осындай ауа райы жағдайы сақталады – қала көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады, жел секундына 9-14 метрмен соғады. Ауа температурасы түнде минус 4-6, күндіз плюс 8-10 градус жылы.


Семейде жауын-шашынсыз салқын ауа райы болжанады. Жел әлсіз, секундына 1-6 метр. Түнде температура минус 7-9, күндіз плюс 4-6 градус болады.


Талдықорғанда көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жаумайды. Жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде минус 4-6 градус, күндіз плюс 11-13 градус.


Следите за новостями Taspanews