Ауа-райы қолайсыздығына байланысты Республикалық маңызы бар жабылған жолдар қайта ашылды

Pexels фото на taspanews.kz от 07 ноября 2024 10:21
Фото: Pexels

Қазақстан облыстары бойынша ауа-райының күрт суып кетуінен жабылған жолдар ашылуда, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазАвтожолға сілтеме жасап.


Көлік қозғалысы ашылған аумақтар:


-         Самара-Шымкент автожолы (776-834 шақырым арасы)


-         Қандыағаш-Ембі- Шалқар-Ырғыз автожолы (259-389 шақырым арасы)


-         Жезқазған-Петропавл автожолы (339-377 шақырым арасы)


-         Көкшетау-Атбасар автожолы (47-184 шақырым арасы)


-         Астана Петропавл (18-232 шақырым арасы)


-         Астана-Ерейментау-Шидерті (16-200 және 200-254 шақырым арасы)


Еске салсақ, Солтүстік Қазақстан облысындағы ауа-райы күрт бұзылып, дауылға ұласқан.


Ал Маңғыстауда ауа-райы қолайсыздығына байланысты қашықтан оқу режімі енгізілді.


Следите за новостями Taspanews