Ауа-райы қолайсыздығына байланысты Республикалық маңызы бар жабылған жолдар қайта ашылды
Фото: Pexels
Қазақстан облыстары бойынша ауа-райының күрт суып кетуінен жабылған жолдар ашылуда, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазАвтожолға сілтеме жасап.
Көлік қозғалысы ашылған аумақтар:
- Самара-Шымкент автожолы (776-834 шақырым арасы)
- Қандыағаш-Ембі- Шалқар-Ырғыз автожолы (259-389 шақырым арасы)
- Жезқазған-Петропавл автожолы (339-377 шақырым арасы)
- Көкшетау-Атбасар автожолы (47-184 шақырым арасы)
- Астана Петропавл (18-232 шақырым арасы)
- Астана-Ерейментау-Шидерті (16-200 және 200-254 шақырым арасы)
Еске салсақ, Солтүстік Қазақстан облысындағы ауа-райы күрт бұзылып, дауылға ұласқан.
Ал Маңғыстауда ауа-райы қолайсыздығына байланысты қашықтан оқу режімі енгізілді.