Ауа-райына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» жолдарының учаскелері жабылды

Фото: Pexels

Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» жолдарының 3 учаскесінде көлік қозғалысы тоқтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ cілтеме жасап.


Ақмола облысындағы Жібек Жолы төлемақы алу пунктінен Ақмола облысы шекарасына дейінгі және Қарағанды облысындағы Ақмола облысы шекарасы – Теміртау төлемақы алу пункті аралығы және Қарағанды – Ақсу-Аюлы ауылына дейін жол жабылды.


Еске салсақ, 6-ақпан күнгі ауа-райы болжамында күрт суыту туралы хабарланған.