Әуежайда кәмелетке толмағанды жалғыз қалдырған Air Astana өтемақы мөлшерін азайтуды сұрауда

Фото: Уикипедия

Flyarystan әуе тасымалдаушысы Зере ісі бойынша өтемақы құнын азайту бойынша апелляцияға өтініш берді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Еуразия телеарнасына берілген сұхбатта отбасыны сотта қорғаушы Данильхан Шағатаев, 12 жасар Зерені әуежайға кіргізбегені үшін компания сотты болдырмау мақсатында 4 миллион теңге ұсынғанын жеткізді. Қыздың анасы – Жазира Мусина өтемақыдан бас тартқан соң, іс сотқа барып, 5 миллион теңге моральдық зиянды өтеу тағайындалды. Бірден 4 миллионға келіспегені үшін және өзге де себептермен, әуе қызметі өтемақыны төлеуге апелляциялық шағым түсірген. Данильхан Шағатаев келтірген мәлімет бойынша, бүгін Air Astana өтемақы құнын 1,5 миллион теңгеге азайтуды өтініп, апелляциялық cотқа жүгінген.


Еске салсақ, Орал тұрғыны Жазира Мусина өзінің әлеуметтік желілерінде FlyArystan әуе компаниясы оның он екі жасар қызын Астана әуежайында жалғыз қалдырғанын, ал бірге келген топ пен алып жүретін адамды Оралға ұшақпен жөнелткенін айтады.


FlyArystan – «Air Astana» тобының бренді. Тасымалдау бойынша маманданады.