Қауіпті аймақтарда су басу қаупін болжау бойынша зерттеу жүргізіледі

Фото: Pexels

Солтүстік, батыс және орталық Қазақстанда батиметриялық түсірілім жүргізіліп, мемлекеттік маңызы бар су қоймалары зерттеледі. Бұл алдын ала су тасқынын болжау үшін қолданылатын шаралар, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап. 


Батиметриялық зерттеу жүргізу үшін Үкімет 576 млн теңге бөлді. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтің су тасқыны кезеңіне дайындық тапсырмасы аясында жүзеге асады. Қаулы қабылданып, Премьер-министр қолы қойылды.


Су ресурстары және ирригация министрлігі және «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Су метрология» филиалына жіберілетін қаражат бірінші жағдайда техникалық құралдарды сатып алу және зерттеу жұмыстарына, екінші жағдайда су қаупі бар учаскелердегі батиметриялық түсірілімге арналады.


Зерттеу нәтижелері ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ға су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесіне енеді.


Су қоймаларын зерттеу 2025 жылы басталады.