Ауруханадағы алаяқтық: Ақтөбе облысының тұрғыны құрбан болды

Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының тұрғыны аурухана палатасында алаяқтықтың құрбаны болды. Бұл туралы Taspanews.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды


Ақтөбе облысының тұрғыны полицияға алаяқтық жасағаны туралы арызданған, деп хабарлайды Polisia.kz. Айтуынша, осы жылдың сәуір айында ол ауруханада емделіп жатқанда бөлмелесінен телефонына қосымшаны орнатуға көмектесуін сұраған.


Алайда, жәбірленушінің сенімін пайдаланып, күдікті науқастың атына екі миллион теңгеден астам несие рәсімдеп, түскен ақшаны оның есепшотына аударған. Әйел не болғанын банктен мерзімі өткен төлем туралы хабарлама алған кезде ғана білген.


Полицейлер күдіктіні тез арада анықтады. Ол 51 жастағы Ақтөбе облысының тұрғыны болып шықты. Қазір алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.