Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінде есепші ақшаны заңсыз иеленген

Depositphotos фото на taspanews.kz от 22 января 2025 15:34
Фото: Depositphotos

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» бас есепшісі мемлекетке 2 млн 750 мың теңге шығын келтірді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана қалалық сотына сілтеме жасап.


Сотталушы бөтеннің мүлкін иемденіп, оны кәсіпорын шотынан жалақы түріндегі қолма-қол қаражатты заңсыз шешумен айналысты. Оның күнәсі куәгерлер айғақтарымен, мамандар қорытындысы мен қлымыстық материал барысында жиналған ақпаратпен дәлелденді.


«Сот үкімімен А. ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, ҚК 58-бабының 3, 6-бөліктері негізінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 14 тамыздағы үкімінің болуын ескере отырып, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекет үлесі 50%-дан асатын ұйымдарда материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, түпкілікті 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,  – делінген Астана қалалық соты хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енбеді.


Следите за новостями Taspanews