Автобус жаяу жүргінші қазасына себеп болды

Фото: Pexels

Астана қаласы Тұран даңғылы және Сығанақ көшелері қиылысында қоғамдық көлік жаяу жүргіншілер жолымен өткен әйелмен соқтығысты, – деп хабарлайды Taspanews. kz Astanovkz.98 телеграм аранасына сілтеме жасап.


Жергілікті полиция мәліметінше, әйел қаза тапты. 


Оқиға орнында бірнеше полицейлер көліктері жиналды. Тергеу жұмыстары басталды.