Айбоз ұлттық әдеби сыйлығы жеңімпаздары анықталды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқау бойынша қазақ әдебиетіне қосқан үлесі үшін жазушылар қатары марапатталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР МАМ сілтеме жасап.
Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды марапаттады:
Үздік проза – Бекет Қарашиннің «Махамбеттің өлім жазасы» романы;
Үздік поэзия – Маралтай Райымбекұлының «Айкөркем» балладасы;
Үздік драматургия – Думан Рамазанның «Әзірет сұлтан» пьесасы;
Үздік аударма – Рауза Мұсабаеваның «Таң жұлдызы» аудармасы;
Үздік балалар әдебиеті – Төкен Әлжантегінің «Қызықтың бәрі ауылда» шығармасы;
Үздік әдеби сын – Жүсіпбек Қорғасбектің «Сайтанның ойыны» әдеби эссесі;
Үздік комикс – Жақсылық Сәбитовтің «Жошы хан» комиксі.
Айбоз сыйлығына номинанттар қатарында 176 автор болды. Жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрады. Әдеби сыйлық отандық жазушыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Марапаттау жыл сайын өтеді.