Айбоз ұлттық әдеби сыйлығы жеңімпаздары анықталды

Фото: ҚР МАМ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқау бойынша қазақ әдебиетіне қосқан үлесі үшін жазушылар қатары марапатталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР МАМ сілтеме жасап.


Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды марапаттады:


Үздік проза – Бекет Қарашиннің «Махамбеттің өлім жазасы» романы;


Үздік поэзия – Маралтай Райымбекұлының «Айкөркем» балладасы;


Үздік драматургия – Думан Рамазанның «Әзірет сұлтан» пьесасы;


Үздік аударма – Рауза Мұсабаеваның «Таң жұлдызы» аудармасы;


Үздік балалар әдебиеті – Төкен Әлжантегінің «Қызықтың бәрі ауылда» шығармасы;


Үздік әдеби сын – Жүсіпбек Қорғасбектің «Сайтанның ойыны» әдеби эссесі;


Үздік комикс – Жақсылық Сәбитовтің «Жошы хан» комиксі.


Айбоз сыйлығына номинанттар қатарында 176 автор болды. Жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрады. Әдеби сыйлық отандық жазушыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Марапаттау жыл сайын өтеді.


Пост из социальной сети