«Әйелі бар екенін білдім»: Индира Елемес жолдасының екінші әйелі болғанын айтты
Танымал әнші Индира Елемес күйеуінің екінші әйелі болғанын айтты. Бұл туралы Taspanews.kz Youtube-тағы «Мамский әңгіме» подкастына сілтеме жасап хабарлайды.
Әншінің сөзінше, ол күйеуінің әйелі бар екенін тұрмыс құрмай тұрып білген. Сөйте тұра отбасын құруға келісімін берген көірнеді.
«Ол уақытта ол кісіде екі отбасы болды. Бірінші әйелі және мен болдым. Ол кісінің әйелі бар екенін білдім. Ойланып қабылдаған шешімім болды. Оның рұқсатын алғанын не алмағанын білмеймін. Бірақ некемізді қидық. Бірінші әйелімен де заңды түрде некеде емес. Жай ғана бірге тұрады. Әйелі келіп, айқай-шу шығарған емес. Мен жайлы өмір сүрдім деп айта аламын. Себебі маған бар қамқорлығын көрсетті. Мен ол кісіге «Сіз маған күйеуім ғана емес, әкемдейсіз, ағамдайсыз. Тағдырымды сізге тапсырдым. Бірақ мені ренжітпеңіз» дедім. Мен өнерден кетпейтінімді басында-ақ айтқанмын. Ол кісіге бәрін кешіремін. Тек опасыздықты кешіре алмайтынымды айттым», - деді өнер иесі.