Айгүл Иманбаева Баян Алагөзованың кинодағы бір күндік гонорарын айтты

Айгүл Иманбаева  фото на taspanews.kz от 25 сентября 2024 17:42
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Қазақстандық танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева продюсер Баян Алагөзованың кинодағы бір күндік гонорарын айтты. Оның сөзінше, продюсердің бір түсірілім күні бір миллион теңгеден басталады. Бұл туралы Айгүл Иманбаева «Jibek joly» телеарнасындағы «Жаңа түнгі студияда» бағдарламасында айтты. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды. 


Жақында көрерменге жол тартқан «Көке» фильмінде Иманбаева мен Алагөзова бірге бой көрсеткен еді. Әншінің сөзінше, продюсер «Көке» фильміне тегін түсіп берген.


«Масқара болғанда, Баянға бір тиын төлеген жоқпын. Жалпы Баян түсірілім алаңында күніне миллион теңге алады. Ең қымбат актриса. Бірақ Баянмен 25 жылдық достығымыз бар. «Айгүл, мен келемін» деді. «Мен сенің бір киноңа жоқ демедім» деп көзімді алартып бастап едім, «Жақсы, жарайды түсіндім, мен барамы»деді. Солай келді», – деді Айгүл Иманбаева.  


Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews