Айлық есептік көрсеткіш пен ең төмен зейнетақы мөлшері өзгеруі мүмкін

Пенсия АЕК фото на taspanews.kz от 26 августа 2024 15:15
Фото: Pexels

"2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет " Қазақстан Республикасының Заңының жобасы дайындалып, жария талқылауға ұсынылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ашық НҚА сілтеме жасап.


Республиканың бюджетін пайдалану жайлы ұсыныстар мен өзгерістер жарияланды. Жоба мақұлданған жағдайда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асады. Жария талқылау мерзімі 26 тамыздан 31 тамызға дейін құрайды.


Халықтың күнкөрісін қамтитын 9 бапқа келсек:


1) жалақының ең төмен мөлшерi – 85 000 теңге болып қала береді


2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 32 360 теңге дейін ұлғаяды;


3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 62 771 теңгені құрайды.


4) айлық есептiк көрсеткiш – 3 932 теңгеге көбееді;


5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 46 228 теңгеге жеткізу іске асады. 


Бұл талқылауға қатысып, пікір білдіру үшін келесі сілтемемен өту қажет: Ашық НҚА.


Следите за новостями Taspanews