«Айлығымды бермеймін дедім»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі ажырасу себебін айтты

Фариза Алмазқызы фото на taspanews.kz от 16 августа 2024 15:01
Фото: instagram.com/fariza.almazovna

 Танымал жайдарманшы, актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі Фариза Алмазқызы ажырасу себебін айтты. Фариза өзін қаралап жатқан оқырманға актермен ажырасуы туралы ағынан жарылды. Бұл туралы Taspanews.kz Фариза Алмазқызының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


«Үйленгеннен кейін төрт жыл пәтер жалдап тұрдық. Ол кездегі көріп жүрген вайндарыңыз ешқандай өтірік емес, барлығы шынайы махаббатпен түсірілген. Өйткені біз ол кезде ұрыспақ түгілі бір-бірімізге даусымызды көтермейтін адам едік. Одан кейін үй салып ауылдан ата-анамызды алып бірге тұрдық. Сол кезден басталды бәрі… 1 жасқа толмаған баламен ол кезде үйде болдым, сосын енем жаймен жұмысқа шық дегенді бастады. Оған мен қуанып түсінігі мол екен деп жұмысқа шықтым, одан кейін айлығыңды маған толық әкеліп өткізіп қоятын бол деген әнгімені естідім. Аузым ашылған күйінде қалдым. Осы уақытқа дейін Нұрсұлтанға ата-енеммен болған конфликтінің біреуін айтпағанмын. Ол енді естіп өзі де шок болып жүр, бірақ соның бәрін біле тұра өзін ақтап алу үшін құрбан болып, масқара жазыпты. Одан кейін «айлығымды бермеймін, өзіме балаларыма жұмсаймын» дедім, өйткені ақшаға мұқтаж кісілер емес. Нұрсұлтан барынша 200 мыңдап 500 мыңдап мамаға да папаға да салып отыратын», – дейді Фариза.


Фаризаның айтуынша, ата-енесі екі баласына бірдей қарамайтын көрінеді. Осыған дейін Алмазқызы үлкен ұлының денсаулығы туралы айтқан еді.


«Содан бастап тиісе бастады, кеш келгенім үшін айқай-шу, шашымды боясам неге бояйсың, қырықсам неге қырқасың, тойға барсам неге барасың? Осының барлығын маған ғана емес Нұрсұлтанға қайта қайта айтып шұқи берген. Ол кісілердің сөзінен Нұрсұлтанның қарым-қатынасы өзгере бастады, жиі ұрыса бастадық. Жұмыс істемейсің, үйде отырасың, орамал тағасың деді. «Жақсы» дедім де, барлығынан бас тарттым, бірақ өзім жауып жүрген барлық қажеттіліктерімді жауып отырасың дедім. «Иә» деді де, сол жерде айтылған күйде қалды. Бір күні атам екеумізді шақырып алып «Нұрсұлтан өнер адамы, қатын табылады, ажырасыңдар» деді. Енем де мені жамандап, қостай кетті. Содан бөлек кеттік. Ажырасыңдар деген адаммен қалай бірге тұрасың. Сосын балама келсек, Айсұлтан диагнозына қарай агрессивті бала. Оның ашуланып, жылағанын жаймен қабылдаймын. Бірақ атам үнемі айқайлап, «оны ұру керек, мұндай балаларды ұрып тәрбиелемесе бетімен кетеді» деген сөзі қатты батқан жүрегіме», – деп жазды блогер келіншек.  


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews