AYREE ұсыныс жасалған соң бір апта ішінде неке қиды

screenshot Instagram фото на taspanews.kz от 23 декабря 2024 09:18
Фото: screenshot Instagram

Қазақстандық әнші мұсылман неке куәлігін алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Instagram желісіне сілтеме жасап.


Әнші әлеуметтік желісінде неке қиылғаны туралы сурет жариялады. Суреттің астына «20 желтоқсан. Отбасы» деген шағын мәтін жазылған. Танымал клип режиссері Нұркен Қасымов AYREE бір апта бұрын ұсынысына келісім бергенін растады. Көп ұзамай ерлі-зайыптылар ресми түрде мұсылмандық неке рәсімін жасап, жаңа мәртебені растайтын куәлік көрсетті.


Балжан Бидаш, Тамара Асар, Аша Матай, Айнұр Ілиясова және тағы басқа жұлдыздар ерлі-зайыптыларға жылы лебіздерін білдірді. AYREE-дің жанкүйерлері де қапыда қалмай, ерлі-зайыптыларға қуаныштарын білдіріп, белсенділік танытты.


Следите за новостями Taspanews