«Қайсысы тәттірек екен»: Өмірқұл Айниязов желіге баласы мен немересін бесікте тербетіп отырған видео жүктеді

Фото: instagram.com/omirkul_ainiyazov

Танымал әнші Өмірқұл Айниязов Tiktok-тағы парақшасына баласы мен немересін бесікте тербетіп отырған видео жүктеді. Өнер иесінің кенжесі мен немересі бір жылы туылған.Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды. 


«Әйелдер бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербетсе, мен қос қолыммен балам мен немеремді тербетіп отырмын», – деп жазды Айниязов.


Мұны көрген желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп жатты.


«Қайсысы тәттірек болады екен?», «Алла беремін десе, үйіп-төгіп береді деген рас-ау», «Екеуі қатар өседі, менің тұңғышым кіші қайныммен бірге өсті», «Бақытты адамсыз», «Балапандар ғұмырлы болсын», – деп жазды желі қолданушылары.