Айзада Құрманова ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

 фото на taspanews.kz от 27 мая 2024 11:22
Фото: Павлодар облысының үкіметі

Үкімет қаулысымен Айзада Құрманова ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды. Оның әртүрлі әкімшілік және басқару салаларында үлкен тәжірибесі бар, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Үкіметінің қаулысымен Құрманова Айзада Амангелдіқызы Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды.


Айзада Құрманова 1970 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын және Инновациялық Еуразия университетін бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар облысы Май ауданындағы мектепте мұғалім болып бастады. Әр жылдары оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерін атқарды.


2002-2007 жылдары Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2007-2009 жылдары осы қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған.


2009-2011 жылдары Павлодар облысының ішкі саясат басқармасын басқарса, 2011-2014 жылдар аралығында Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімі қызметін атқарған.


2014-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.


2016-2020 жылдар аралығында VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.


2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


Следите за новостями Taspanews