Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының кей функциясын жеке меншікке беруге қарсы
Фото:ҚР ХҚКО
Үкіметтің бұл шешімі елде жеке деректердің құпиялылығы сақталатындығына күдік туғызды. Ел тарапынан деректердің қауіпсіздігі сақталғанның өзінде ақпарттың тарап кету жағдайлары байқалған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Jibek Joly телеарнасына сілтеме жасап.
Өзгерістерге сай, кей функцияларды орындауды бизнесмендерге беру жүзеге асады. Бұл шалғай аудандардағы тұрғындарға тиімді болатыны келтірілді.
“Серіктестік ұйымдар арқылы халыққа қызмет көрсету ХҚКО-ның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асады. Онда жеке деректерге қолжетімділікті бақылайтын жүйе енгізіледі. Серіктес ұйым тек азаматтардың өтінішін алып, оған жауап қайтарады. Ал ақпарат өңдеу тек ХҚКО арқылы – мемлекеттік орган арқылы жүзеге асады. Мұның бәрі қызмет көрсететін тараппен өңделетін болады. Жеке деректер тарап кете алмайды”,