Азаматтық кодекс 914 бабының Конституциямен сәйкестігі тексеріледі

Фото: freepik

Конституциялық сот азаматтық кодекстің 914 бабының ерекше бөлігін тексеруді жүзеге асыруда, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР КС-на сілтеме жасап.


Конституциялық сот ҚР азаматының өтініш бойынша Азаматтық кодекстің аталған бабын қарастыруды жүзеге асыруда.


Құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру туралы талап-арыздар бойынша сот арқылы қорғалу құқығының шектелуі жайлы норманың Конституция заңымен сәйкестігі қаралады.


 "Осы нормаға сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың тәуекелге негiзделген ойындар немесе бәс тiгу (құмар ойындар мен бәстер) ұйымдастыруға, өткiзуге немесе оларға қатысуға байланысты талаптары, ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді өткізудің шарттарын сақтаған кезде, осы Кодекстiң 913-бабында аталған қатынастардан туындайтын талаптарды қоспағанда, сот қорғауына жатпайды", – Конституциялық Сот бабтың құрылымы туралы.

Тексеріс барысы мен қорытындысы Конституциялық Соттың ресми парақшасында және телеграм арнасында жарияланады.