Азаматтық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға артады

Фото: Depositphotos

2025 жылы азаматтық қызметкерлердің жекелеген санаттары еңбекақысын орта есеппен 20%-ға көбейту жалғасады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.


Бұл шара Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйекте жолданған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында берілген тапсырма аясында жүзеге асуда.


600 мыңға жуық азаматтық қызметкер жалақысы артады. Олардың қатарына есепшілер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар мен кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлер мен өзге де сала мамандары жатады.


«Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды»,  – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.