Қазақстан басшысы Португалияны Ұлттық күнімен құттықтады

 фото на taspanews.kz от 10 июня 2024 15:16
Фото: akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев португалиялық әріптесі Марсель Нуно Дуарте Ребело де Соузеге мерекелік жеделхат жолдап, Португалия азаматтарын ұлттық мерекелерімен құттықтап, елдің гүлденуін тіледі, деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап. kz.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия Президенті Марсело Нуно Дуарте Ребело де Соузеге құттықтау жеделхатын жолдап, барша португалиялықтарды Португалия Ұлттық күнін мерекелеумен құттықтады.


«Ғасырлық тарих пен бай мәдени мұраға сүйене отырып, бүгінде Португалия тұрақты дамуда, халқының әл-ауқатын жақсартуда және халықаралық аренадағы беделін нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге жетуде. Елдеріңізге ілгерілеу мен өркендеу жолында алға баса беруіне тілектеспін. Астана мен Лиссабон арасындағы достық қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенімдімін», - делінген жеделхатта.


Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Марсель Нуно Дуарте Ребело де Соузеге жауапты қызметінде, ал Португалия халқына амандық пен денсаулық тіледі.


Следите за новостями Taspanews