Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум күні белгіленді
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы барысында Қазақстанда АЭС салу мәселелері бойынша референдум өткізу күні белгіленді, – деп хабарлайды Tasppanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, біз сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтажбыз. Сондықтан, менің ойымша, атом энергетикасының дамуына барынша назар аудару қажет. Генерацияның бұл түрі біздің экономикамыздың қарқынды дамып келе жатқан қажеттіліктерін едәуір қанағаттандыра алады. Қазіргі уақытта дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200 ге жуық АЭС жұмыс істейді",
Президент елдің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделері мен ерекшеліктерін ескере, болашақ туралы ойлау қажеттігін атап өтті:
"Сондықтан мен атом электр станциясын салу, қоғамда стратегиялық сипаттағы жоспарларды кеңінен талқылау мәселесі бойынша ойластырылған шешім қабылдау қажеттілігін алға тартқанмын",
Президент өз сөзінде ел қамы үшін маңызды әрбір қадамды халықтың қолдауымен жасау қажет екенін айтты. Бұл АЭС референдумында да орын алуы керек:
"Мен оны өткізу туралы өткен жылы айттым, яғни бұл тақырып бір жылдан бері қоғамдық күн тәртібінде тұр. Бұл азаматтардың саналы шешім қабылдауы үшін жеткілікті мерзім деп санаймын. Осыған байланысты мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум ағымдағы жылдың 6 қазанында өтеді, бүгін мен тиісті Жарлыққа қол қоямын".
Алдағы референдум ұлтаралық диалогтың тағы бір көрінісі және "халық үніне құлақ асатын мемлекет" концепциясын іске асырудың жарқын үлгісі болмақ. Шын мәнінде, мұндай қадамдармен жаңа қоғамдық-саяси мәдениет қалыптасуда, негізгі мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың жаңа стандарттары қалануда.