Қазақстанда жаңа қала әкімінің орынбасары тағайындалды

 фото на taspanews.kz от 27 мая 2024 11:46
Фото: instagram.com/Almobl_akimat

Жаңа Алатау қаласы әкімінің орынбасары болып Ренат Кенеев тағайындалды, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Жаңа Алатау қаласы әкімінің орынбасары болып 1984 жылы Алматы облысында туылған Ренат Кенеев тағайындалды. Ренат Кенеевтің екі жоғары білімі бар: 2006 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ді қаржыгер мамандығы бойынша, 2011 жылы Д.А. Қонаев құқықтану мамандығы бойынша.


2007 жылы банк саласында еңбек жолын бастады. 2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметке ауысып, Қазақстан Республикасы Үкіметінде және Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді. Ол, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары және хаттама және сыртқы байланыс бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.


«Ренат Кенеевке жаңа қызметінде табыс тілейміз және оның тәжірибесі мен кәсіби шеберлігіне сенімдіміз Алатау қаласына көптеген оң өзгерістер әкеледі», - деп атап өтті әкімдікте.

Следите за новостями Taspanews